↑ Return to Психолог

Мұғалімдерге

БАЛАЛАРДА ӨЗІНДІК ҚАДІРЛЕУ МЕН ЖЕКЕ АДАМГЕРШІЛІГІН ДАМЫТУҒА

ҚАЛАЙ ЖӘРДЕМЕДЕСУ КЕРЕК?

Мектепте:

  • Жетістікке жетуге шынайы мүмкіндіктер ұсыныңыз;
  • Балаға үнемі қызығушылық таныту, оның бастамаларын қабылдау және қолдау;
  • Өткендегі қателіктері мен шалыс басуларына көңіл аудармай, мінезінің оң жақтарына назар салыңыз;
  • Үнемі баланы қолдап, қайраттандырып, мақтау қажет, оны ешқашан сынға алмай,оған арсыздық көрсетпеу қажет;
  • Баланың қолынан келетін тапсырмаларды таңдай отыра, оның сенімсіздігінің, қателік жіберуден және сәтсіздіктен, жаңа істен қорқудың алдын алу;
  • Оған нақты мақсаттарды қоя білу және оның жетістіктері мен сәттіліктеріне шынайы баға беру.

Отбасында:

  • Қарым-қатынаста жылылық және эмоционалдық пікір білдіру, барлық жағдайда қолдау көрсету қажет;
  • Отбасына эмоционалдық жақындық ахуалын жасаңыз;
  • Балаға үнемі қызығушылық танытыңыз, оған қамқор болыңыз;
  • Талаптылықты – немқұрайлықтан, бостандықты – шектеуден, қатынастағы жылылықты – шеттетуден артық көріңіз;
  • Балалармен қарым-қатынаста авторитарлық позицияларды жойыңыз.
  • Отбасындағы қатынаста дерективті стильге жол берілмеуі керек!
  • Ортодоксалдық пайымдаудан аулақ болу керек;
  • Балалармен қатынаста өз қателіктерінді мойындай білу қажет.

 

 

РЕНІШТЕР НЕГЕ ӘКЕЛЕДІ

 

Кенеттен пайда болған және ақырындап жиналатын реніштер: Неге әкеледі?

  • «Өзіне кетуге» ұмтылуға;
  •  Оқшаулануға;
  •  Қарым-қатынаста шеттеуге;
  • «Қатынастарды анықтау» ұмтылысына, бұл қақтығысқа ауысуы мүмкін;
  • Қоршаған жағдайды «қара түстерде» көруге деген ұмтылысқа;
  • Рационалдыдан эмоционалдық ауытқудың артуына;
  • Жүйке-психикалық шиеленісудің артуына;
  • Белсенділіктің төмендеуіне;
  • Танымдық белсенділіктің реніш объектісіне аударуға және, нәтижесі

ретінде, түскен ақпаратты дұрыс бағалаудың шектелуіне әкеледі.

 

 

 

БАЛА ҚАШАН РЕНЖИДІ

 

  • Барлық сәтсіздіктерді саған артса, ренішті;
  • Жетістіктері байқалмаса, ренішті;
  • Егерде саған сенбесе, ренішті;
  • Сенің қолыңнан келетін істі басқа адамға тапсырса, ренішті;
  • Басқалары қызықты нәрсемен айналысқанда, сені жабырқаңқы,

ез болған іспен  айналысуға  мәжбүрлегенде, ренішті;

  • Түсінікті және қызықты іс машақатқа, құтыла алмайтын іске айналғанда,

ренішті;

  • Үшінші тұлғалардан өзін туралы «жаңашылдық» білгенде, ренішті;
  • Өз шаруаларымен жүріп, сен туралы ұмытқанда, ренішті;
  • Сенен күмәнданса, ал сенде ақталу мүмкіндігі болмағанда, ренішті;
  • Біз еске алмағдандардың көбі үшін ренішті.

 

БАЛАЛАР ӨМІР СҮРУДІ ӨМІРДЕН ҮЙРЕНЕДІ

 

  • Егер баланы үнемі сынға алса, ол жек көруді үйренеді.
  • Егер бала араздық ортасында өмір сүрсе, ол агрессияға үйренеді.
  • Егер де баланы мұқатса, ол тұйық болады.
  • Егер де бала жазғыру жағдайында өссе, кінә сезімімен өмір

сүруге үйренеді.

  • Егер де бала шыдамдылық ортасында өссе, ол басқаларды

қабылдауға үйренеді.

  • Егер баланы жиі көтермелесе, ол өзіне сенуге үйренеді.
  • Егер де баланы жиі мақтаса, ол қайырымды болуға үйренеді.
  • Егер бала адалдықта өмір сүрсе, әділ болуға үйренеді.
  • Егер бала әлемге деген сенімде өмір сүрсе, ол адамдарға сенуге

үйренеді.

  • Егер бала қабылдау ортасында өмір сүрсе, ол әлемде махаббатты

табады.

“““““““““““““““““““““““““““““““““““““`

«Бала аурулы, зағып болса, баладан емес,

тәрбиешіден; бала тар ойлы ақымақ болса,

бала кінәлі емес, тәрбиеші кінәлі;

бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін

мылқау жанды болса, бала

айыпты емес, тәрбиеші жазалы»

М.Жұмабаев.

 

Бала мен ата-ана кикілжіңін қалай дұрыс

жолға қоюға болады?

 

  1. Уақытты дұрыс таңдаңыз. Бала кешқұрым уақытта демалып немесе сүйікті ісімен айналысып жатқанда, салмақты әңгімені бастау қажет емес.
  2. Тек қана нақты мәселе туралы айтыңыз. Баланың бұрыңғы және алдағы уақыттағы жаман қылықтарын еске түсіру керек емес. Ол сіздердің қарым-қатынастарыңызды одан сайын қиындатуы мүмкін.
  3. Мына сөздерден аулақ болыңыз:«сен қашанда» немесе «сен ешқашан» – бұл сіз шешейін деп жүрген мәселені, одан сайын қиындатады.
  4. Өзіңіздің қолыңызды жеткізу үшін, балаңыздың мәртебесін төмендетуді әдетке айналдырмаңыз.«Мен үлкенмін, менің тәжірибем бар» деген сөздер баланы сөйлетпеуге мәжбүрлейді, бірақ онымен мәселені шеше алмайсыз. Ақылдылықпен шешуге талпыныңыз.
  5. Тыңдаңыз, бала не айтады. Сәт сайын сіз балаңызды тыңдап отырғанда, оның ойы мен пікіріне құлақ асатыныңызды бет бейнеңізден көрсетуіңіз керек.
  6. Артық сөздерді қолданбау. «Қырсық», «жалқау», «жауапкершіліксіз», «тілазар» деген артық сөздерді қолданғанда, сіз балаға түкке тұрғысыз екендігін байқатып қаласыз. Және де осындай сөздерді естіп өскен бала, шынынды да болашақта сіз айтқандай болуы мүмкін.
  7. Болашақты алдын ала жорамалдамаңыз. «Сен ешқашан өзгермейсің», «осы мінезбен саған өмір сүру қиын болады» және т.б. Осындай сөздер тек қана қиын мәселелерге көңілді аудартады.
  8. Келеке етуді доғару қажет.«Сен сондай кереметсің…» деп кекесінмен айтқан сөз арқылы сіз баланы – ақымақ етіп көрсетіп бересіз және бұл үшін жауапты емес екеніңізді байқатып қаласыз.
  9. Қайғы шегушінің рөлін ойнамастан бұрын, жақсылап ойланыңыз.Егер бала түзелмесе, ең қатал нұсқа – ауру немесе өзінің өлімімен қорқыту. Бұл баланы манипулировать ету.
  10. Ақша – ол дәлел емес. «Өзің ақша тапқан кезде ғана, өз пікіріңді айта аласың». Сіздер баланың тұлғасын қадірлеуге міндеттісіздер, оның өзіне шешім қабылдауына, көз-қарасын айтуына мүмкіндік беріңіздер. Бұл жерде ақшаның ешқандай қатысы жоқ!
  11. Өзіңіздің тәртібіңізге көңіл аударыңыз.Сіз балаңызды темекі шегіп тұрған жерінен ұстап алып, түсіндіруін талап еттіңіз, бірақ өзіңізде осы жаман әдетті қолданасыз. Баладан бір нәрсені талап етпестен бұрын, ойланыңыз, ал өзіңіз осы талапқа сайсыз ба?

Есіңізге сақтаңыз!Қарым-қатынас кезінде бала сізге теріс эмоцияларын көрсетсе – бұл сізге деген сыйластық пен жақсы көруді ұмытты деген сөз емес! Қателеспеңіз және балаңызға, жақындарыңызға деген ыстық ықыласыңызды сақтаңыз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>