«

»

Jan 28

Табыстыққа апарар алғашқы қадамдар.

Белсенділік танытып, өз мақсаттарына жетер адамдардың ерекшілігі заманына қарай «бөрікті кию» дегендей шетел тілін меңгеру. Сіз шетел тілінде еркін сөйлеп, меңгерсеңіз, онда өмір болашағы сіздер үшін жарқын. Бір тілді білу немесе көптілділік негізінде қызметтің жоғары сатысына жетуі мен нәтижелі қарым-қатынас пен басқа елдерге барып демалу. Біздің нарық заманымызда бұл тек қана құнды нәрсе емес, бұл өмір талабына сай қажеттілік. Бірақ тілді зерделеу деген іс оңайға түспейтіні мәлім. Қазіргі заман ағымында адамның ынтасы мен өз күшіне сену қасиеттері басты назарда. Ағылшын мақалында: “When there is a will, there is a way”, – делінген (Ынтасы бар кісінің мүмкіншілігі де бар.”). Шетел тілді меңгеруі өзіне сену, өз білімімен мақтан ету, ертеңгі күніңе сену және осы өмірде табан тіреп тұру.
Ақсу қара металлургия колледжі студенттері“The Spotty Cow” атты ағылшын тілінде студенттер мен оқушыларға арналған бірінші Халықаралық конкурсына қатысып, білім, білік, дағдыларын көрсеткен еді. Осы сайыстың сұрақтары келесідей бағытталған: сөз қоры, грамматика және өлкетану. Студенттер білім бағдарламасы шеңберінде ғана емес, басқа да терең білімдері бар екені дәлелдеді.
Оқушылардың білімдері мен дағдылары халықаралық деңгейде дәлелденді: Жақсыбекова А., 3 курс оқушысы қатысқан үшін сертификатқа ие болды, Ахметов В., Бур Г. и Юрченко Р. 3 құрметті үшінші орынға диплом берілді
Шетел тілін меңгеру үшін үлкен еңбекке оқушылар мен оқытушылар күш-жігерлерін жұмсаулары керек. Конкурстар, семинарларға қатысып батылдық көрсете білу керек және Қазақстаннды бүкіл әлемге танытып, заманға сай қадамымызды нақтылай басайық.

Ақсу қара металлургия колледжі
ағылшын тілі оқытушысы
Кулакова Илона Руслановна

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>