«

»

Dec 15

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналып өткізілген мерекелік концерттің ақпараты

Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Қазақтың тек өз төл тарихы, әдебиеті мен мәдениеті әлі талай ұрпақ үшін таусылмайтын қазына» – деген болатын.
Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, қырғыннан-қырғынға, босқыннан-босқынға талай азапты көрді. Дегенмен «тәуелсіз» деген мағынаны білдіретін «қазақ» деген атына сай әрқашанда азатыққа қол жеткізу үшін талпынды, осы жолда күрсіп жеңіске жетті.
Елбасымыздың жаңа «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2017 жылдың 13 желтоқсан күні Ақсу қаласының қара металлургия колледжінің концерттік залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесіне арналған мерекелік концерт өткізілді. Аталмыш шара салтанатты түрде Қазақстан Республикасыны Әнұранымен бастау алды. Сондай-ақ, Ақсу қара металлургия колледжінің басшысы Р.Қ.Дүйсекенов барша қауымды мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін өткізді. Концерттік бағдарлама әдеби композициямен бастау алып, Баяндинова Алтынай мен Серихан Күмісайдың орындауында «Мереке», Аманов Бакдаулеттің орындауында «Жаным қазақ», Кабулова Анельдің орындауында «Қазақ осы», «Жаңа ғасыр Қазақстан», Даиров Азаматтың орындауында «Туған жер», «Жерім менің», «Фантазия» үлгілі би ансамблінің орныдауында «Әзербайжан» және «Гүлдер-ай» биімен, Кабдулла Дарханның «Туған жер» әнімен жалғасын тапты.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол-Тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай,кең-байтақ Қазақстан-туған өлкеміз,оны сүйіп,құрметтеу-барлығымыздың парызымыз.
А.И. Шамиданова, «Ақсу қара металлургия колледжі» КМҚК
көркемдік жетекшісі

к16

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>