«

»

Dec 10

WorldSkills қола жүлдесі біздің қоржында!

 

Бүгін колледж студенті Варавин Юрий Астана қаласында өткен WorldSkills Kazakhstan 2018 республикалық чемпионатында «СББ станоктарындағы токарлық іс» құзыреттілігі бойынша қола жүлдені қанжығасына байлады.

2018 жылдың 3-7 желтоқсан айы аралығында Астана қаласында IV WorldSkills Kazakhstan чемпионаты өткенін атап өткіміз келеді. Іс-шараға Қазақстанның барлық өңірлерінің колледждерінен 30 мамандық бойынша 350 студент қатысты.

WorldSkills – кәсіптік мамандықтың беделін көтеру және кәсібилік идеясын құрметтеу мақсатында жұмыс жасайтын коммерциялық емес қозғалыс.

«Ақсу қара металлургия колледжі» КМҚК Павлодар облысы білім беру басқармасына артқан сенімі үшін, сонымен қатар чемпионат ұйымдастырушыларына жылы қабылдау үшін алғыс білдіреді.

Варавин Юрийді жеңісімен құттықтаймыз және тәлімгері Клюкин Олег Николаевичқа алғыс білдіреміз!

IMG_0398

IMG_0400

IMG_0420

IMG_0427

IMG_0438

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <s> <strike> <strong>