Әдістің жөн-жосықтары

«Ақсу қара металлургия колледжі»

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына оқуға қабылдау

Жалпы ережелері

1. Осы 2014-2015 оқу жылына арналған «Ақсу қара металлургия колледжі» КМҚК оқуға қабылдау Ережелері (одан әрі- Ережелері) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы шілденің 27-і «Білім туралы» Заңына (2014 жылғы ақпанның 18-не жасалған өзгертулері мен қосымшаларымен), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы қаңтардың 19-і № 130 Қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарлама-ларын іске асыратын білім мекемелеріне оқуға қабылдау» Үлгілік ережелеріне және 2012 жылғы желтоқсанның 13-і № 349/12 Павлодар облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білім беру оқу бағдарламалары бойынша кадрлар дайындығын іске асыратын білім мекемелеріне құжаттарды қабылдап оқуға алу» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне сәйкес оқуға қабылдау тәртібін орнатады.

2. «Ақсу қара металлургия колледжі» КМҚК (одан әрі – оқу мекемесі) негізгі орта білімі бар (негізгі жалпы) және жалпы орта (орта жалпы) Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, сонымен қатар шет елдерінің азаматтары мен Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіппен Қазақстанда тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдар қабылданады. Тегін техникалық және кәсіптік білім мемлекеттік білім беру тапсырысына сай конкурстық негізде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрып жатқан азаматтығы жоқ адамдарға беріледі, егер олар осы деңгейдегі білімді алғаш рет алып отырса. Шет елдерінің азаматтары тегін техникалық және кәсіптік білім алуы мемлекеттік білім беру тапсырысына сай конкурстық негізде Қазақстан Республикасының халықаралық келісім шарттарымен анықталады.

3. Оқу мекемесіне оқуға түскен кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген 2012 жылғы 28 ақпандағы №264 «Техникалық және кәсіптік, орта және жоғары оқу бағдарламаларын іске асыратын білім мекемелеріне оқуға түскен кезде қабылдау квотасын орнату туралы» Қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы қарастырылады: 1) 1-2 топ мүгедектері, балалық шағынан мүгедек, мүгедек-балалар үшін -1 % 2) Жеңілдік және кепілдіктері бойынша соғыс ардагерлері және соғыс мүгедектеріне тең адамдар үшін -0,5 % 3) Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға ауыл жастары үшін – 30% 4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін- 2% 5) Жетім балалар және ата-аналарының қамқорысыз қалған балалар үшін – 1% Құжаттарды қабылдау және оқуға түсу емтихандардың өткізуін ұйымдастыру

4. Азаматтардың оқуға түсуге жазған өтініштерін қабылдау үшін, оқуға түсу емтихандарды өткізуге, әңгімелесуді өткізіп білім алушылардың тізіміне тіркеу үшін 2014 жылғы қаңтардың 10-ы № 1-06/2 оқу мекемесінің бұйрығына сәйкес қабылдау комиссиясы құрылды. Оқуға қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі: Күндізгі оқыту бөліміне: 1002000 Қара металдар металлургиясы (түрлері бойынша); 1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша); 1115000 Өндірістегі электромеханикалық құралдар; 1119000 Жонғыш ісі және металлөңдеу. Сырттай оқыту бөліміне: 1002000 Қара металдар металлургиясы (түрлері бойынша); 1115000 Өндірістегі электромеханикалық құралдар.

5. Қабылдау ережелері туралы ақпарат және қабылдау, комиссиясының өтініштерді қабылдау, әңгімелесулерді өткізу, оқуға түсу емтихандар кестесі туралы шешімдер оқуға түсушілерге уақытында берілуі тиіс.

6. Азаматтардың оқуға түсу үшін берген өтініштерін қабылдау орта деңгейдегі мамандарды даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, күндізгі оқыту бөліміне 20 -маусымнан 20- тамызға дейін, сырттай оқыту бөліміне 20- маусымнан 20- қыркүйекке дейін жүргізіледі.

7. Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар келесі құжаттар ұсынады: – оқуға түсу туралы өтініш; – білім туралы құжат (түп нұсқа); – өзін растайтын құжат (жеке куәлік); – №086 –У нысаны бойынша медициналық анықтама, флюоросүретімен қоса ( 1-2 топ мүгедектері және балалық шағынан мүгедектері үшін – медико – әлеуметтік сараптамасының қорытындысын); – 3х4 өлшемдегі 6 фотосүрет. Оқуға түсушінің жеке куәліктерін ата-аналары, заңды өкілдері немесе өздері тапсыруы тиіс. – шет елінің азаматтары – Қазақстан Республикасында шет ел азаматтарына тұруға рұқсат ететін құжат; – азаматтығы жоқ адамдар – азаматтығы жоқ деген куәлікті; – босқындар – босқын куәлігін; – баспана іздеп жүрген адамдар – баспана іздеушінің куәлігін; – оралман- оралман куәлігін, көшу-қону кәртішкесін. Оқуға түсушілердің бекітілген нысан бойынша және келісімшарт (ақылы) негіздегі өтініштері ресімделіп, жеке есепке алынады. Кешенді тістілеуден өткен сертификат (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымды жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдардың түлектері) немесе БҰТ нәтижесінің сертификатын (бірыңғай ұлттық тестілеуге қатысқан ағымды жылдың түлектері) ұсынған азаматтар осы Ереженің 15 тармағында көрсетілген шарттарға сай оқуға түсу емтихандардан босатылып, конкурсқа қатысады.

8. Орта деңгейдегі мамандарды даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін келесі емтихандар өткізіледі, егер олардың: – жалпы орта, мамандық профиліне сай емес техникалық және кәсіптік білімі болса үш пән бойынша өткізіледі (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бойынша пән); – негізгі жалпы білім болса – негізгі жалпы білім беру оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бойынша пән); – орта білімнен кейінгі, жоғары, мамандық профиліне сай емес техникалық және кәсіптік білімі болса – орта білімнен кейінгі, жоғары, мамандық профиліне сай техникалық және кәсіптік білімі болса мамандықтың профильдік пәнінен емтихан сұхбат түрінде өткізіледі Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін емтихан түрі – тестілеу; негізгі жалпы білімі болса – пәндер бойынша емтихандар және тестілеу түрде. Оқуға түсушілер емтихандарды қазақ немесе орыс тілдерінде тапсырады. Мамандықтың профилі бойынша пән Үлгілік Ережелердің 2 қосымшасына сай анықталады: Коды Мамандықтардың атауы Профильдік пәннің атауы Негізгі орта білім негізінде Жалпы орта білім негізінде 1002000 Қара металдар металлургиясы (түрлері бойынша); математика химия 1114000 Дәнекерлеу ісі (түрлері бойынша); математика математика 1115000 Өндірістегі электромеханикалық құралдар математика математика 1119000 Жонғыш ісі және металлөңдеу. математика математика

9. Орта деңгейдегі мамандарды даярлауды қарастыратын техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін азаматтар үшін оқуға түсу емтихандары өткізіледі: күндізгі бөлімге тамыздың 1-нен тамыздың 28-не дейін, сырттай оқуға – тамыздың 1-нен қыркүйектің 25-не дейін. Оқуға түсу емтихандарын өткізгенде: 1) тест түрінде әр пән бойынша 25 тест тапсырмасы (сауалдар) беріледі; әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады; үш пәннен тестілеу жүргізілсе оған 2 сағат 15 минут, ал екі пәннен болса – 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптардың кодтары тестілеу аяқталған сәттен ілінеді; тест нәтижесі өткізілген күні жарияланады; 2) пәндер бойынша емтихан түрінде өткізілген оқуға түсу емтихандарда алған «3», «4», «5» бағалары қабылдау комиссиясымен келесі шкала бойынша ұпайларға айналдырылады: «3» – 8 ұпай, «4» – 17 ұпай, «5» – 25 ұпай.

10. Колледжге оқуға түсушілердің құқықтарын қорғап, туындаған мәселелерді шешіп, бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрастырылады. Пән бойынша тестілеудің немесе емтиханның қорытындысымен келіспеген азамат апелляцияға беруге құқығы бар. Өтініш апелляция қабылдау комиссиясына келесі күннің 13 сағатына дейін, әңгімелесудің нәтижесін жариялаған соң беріліп, апелляциялық комиссиямен, өтініш берушінің қатысуымен, бір күннің ішінде қарастырылады.

11. Пән бойынша тестілеуді немесе емтиханды қайта тапсыруға рұқсат берілмейді. Білім алушылар тізіміне тіркеу

12. Оқу мекемесіне оқуға түсу азаматтардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүргізіледі. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауына кепілдік беріп, техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеруге дайын және қабілеті бар азаматтарды тіркеуді қамтамасыз ету керек. Азаматтарды оқу мекесінің білім алушылар тізіміне тіркеу конкурстық негізде күндізгі оқу бөліміне 25 тамыздан 30 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне қыркүйектің 15-нен қыркүйектің 30-на дейін жүргізіледі. Конкурс, оқуға түсушінің: – БҰТ сертификатының ұпайлары негізінде; – Қазақстан Республикасының ЖОО түсу үшін кешенді тестілеу түрінде өткізілген оқуға түсу емтихандардың нәтижесі бойынша берілген сертификат ұпайларының негізінде; – Оқу мекемесі пәндер бойынша тест түрінде өткізген оқуға түсу емтихандардың нәтижесі бойынша алынған ұпайлар (бағалар) негізінде. Осы Ережелердің 9 тармағына немесе кешенді тестілеуге сай оқуға түскендерді білім алушылар тізіміне тіркеу конкурсын өткізгенде үш пәннің жалпы ұпайлары есепке алынады. Білім алушылар тізіміне тіркеу конкурсына қатыспайды: – негізгі жалпы білімі бар оқушылар, егер олар екі пәннен 20 ұпайдан кем алса; – жалпы орта білімі бар оқушылар, егер олар үш пәннен 30 ұпайдан кем алса.

13. Мемлекеттік тапсырысы бойынша білім алушылар тізіміне еңгізу үшін конкурс өткізген кезде артықшылықтар келесі адамдарға беріледі: – «Алтын белгі» белгісімен марапатталғандар; – жалпы білім беру пәндері бойынша, ғылыми сайыстардың және халықаралық олимпиадалар (1,2,3 дәрежесіндегі дипломдармен марапатталғандар), білім саласындағы өкілетті орган анықтайтын, соңғы 3 жыл ішінде өткен республикалық және халықаралық орындаушылар сайыстарының және спорт сайыстарының, таңдаған мамандықтың, олимпиада пәнінің конкурс немесе спорт сайыстарының сәйкес болу шартында, ағымды жылы өткізілген жалпы білім беру пәндері бойынша, ғылыми сайыстардың және халықаралық олимпиадалар (1,2,3 дәрежесіндегі дипломдармен марапатталғандар) жеңімпаздарына. Мемлекеттік тапсырысы бойынша білім алушылар тізіміне еңгізу үшін конкурс өткізген кезде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда артықшылықтар (растайтын құжаттары негізінде) медико-әлеуметтік сараптамасының қорытындысы бойынша оқу мекемесінде оқуға кедергі жасамайтын құжаттар негізінде жетім балалар және ата-аналарының қамқорысыз қалған балалар, 1,2 топ мүгедектері, балалық шағынан мүгедектер, мүгедек – балалар және оқуды үздік аяқтаған жөнінде құжаттары бар адамдарға (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) беріледі. 14. Оқу мекемесіне тіркеу колледждің қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар, бөлім, оқыту тілі бойынша жүргізіледі.