↑ Return to Қазақстан

География

Географиялық
Қазақстан Орталық Азияда, Еуразия құрлығының орталық бөлігінде орналасқан.

    Елдің аумағы 2724,9 мың шаршы километр болады, ол батысында Волга өзенінің төменгі сағасынан бастап – шығысында Алтай тауларына дейін және оңтүстігінде Солтүстік Тянь-Шанның тауы Іле Алатауынан бастап – солтүстігінде Батыс-Сібір ойпатына дейін созылып жатыр.

   Қазақстан жер көлемі жағынан дүниежүзінде Ресей, Қытай, АҚШ, Аргентина, Бразилия, Канада, Индия және Австралиядан кейін тоғызыншы орында тұр. Республиканың құрлықтағы Мемлекеттік шекарасының ұзындығы 13 392,6 км. болады, оның 7 591 километрі – Ресей Федерациясымен, 2 351,4 километрі – Өзбекстан Республикасымен, 1 782,8 километрі – Қытай Халық Республикасымен, 1241,6 километрі – Қырғыз Республикасымен, 425,8 километрі – Түркіменстан Республикасымен шектеседі.

   Еліміздің мұхиттардан шалғайда орналасуы және аумағының үлкен болуы климаттың қатаң континентальды сипатталуына, түрлі табиғи аймақтардың қалыптасуына және жауын-шашынның аз болуына ықпал етеді. Қаңтар айының орташа температурасы – 19-дан – 4 градус С аралығында, ал шілде айының орташа температурасы +19-дан +26 градус С аралығында болады. Қыста ең төмен температура – 45 градусқа дейін, ал жазда ең жоғары температура +30 градусқа дейін жетеді.

   Еліміздің аумағынан үлкенді-кішілі 8,5 мың өзен ағып өтеді. Олардың ішіндегі ең ұзыны – Ертіс (республика шегіндегі ұзындығы – 1 698 км), Есіл (1 400 км), Жайық (10 082 км), Сырдария (1 400 км) өзендері болып табылады.

   Қазақстанда үлкенді-кішілі 48 000 көл бар. Олардың ішінде ең үлкендері – Арал теңізі, Балқаш, Зайсан, Алакөл, Теңіз, Селетеңіз. Қазақстанға Каспий теңізінің солтүстік жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалауының жартысы тиесілі. Каспий теңізінің қазақстандық жағалауының ұзындығы 2 340 км құрайды.

   Республикада топырақ және өсімдік қабатының көлденеңінен және тігінен алғанда аймақтарға бөлінетіні анық байқалады. Орманды-далалы және далалы аймақтарға барлық жердің 10 %-ы, шөлейт және шөлді жерлерге – шамамен 60 %-ы, таулы аймақтарға – шамамен 5%-ы тиесілі.

    Қазақстанның батыс өңірінде мұнай мен газдың мол қоры шоғырланған.

Халқы
Қазақстанда 125 ұлт өкілі өмір сүреді. Халықтың этникалық құрамында республикадағы ең ірі топтардың қатарына жеті ұлт өкілі – қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және немістер жатады. Ел халқының жалпы санының 95,5 %-ы солардың үлесіне тиеді. Қазақстан халқының құрамында қазақтар саны басым, олар 64,0 %-ды, орыстар – 22,8 %-ды құрайды.

   Республика халқының жалпы санына шаққанда өзбектердің үлес салмағы – 2,9 %, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,4 %, татарлар – 1,2 %, немістер – 1, 1% болады.

Информация взята с сайта: http://www.kazakh.ru/kazakh/geography/